Маска режимі қайта енгізілді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде тағу режимі енгізіледі.
Фото: sindobatam.com
Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен келушілерінің медициналық бетперде тағуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Өз кезегінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе матадан жасалған бетперделерді пайдалану ұсынылады.
Атап айтқанда, әуежайлар, вокзалдар, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктерде де бетперде тағу ұсынылады.
Сондай-ақ масканы көліктің барлық түрінде қолдану ұсынылады: қоғамдық, әуе және теміржол.
Қаулы 8 ақпанда шығарылды және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру