8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қаңтар 2025 5321 0
Білім

«МАМАНДЫҚПЕН МОТИВАЦИЯ» жобасы жүзеге асуда

Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамандықпен мотивация» жобасы жүзеге асырылуда.


Аталмыш жоба жасөспірімдерге болашақ мамандықтарын дұрыс анықтау, оған деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.

Жоба аясында өткізіліп отырған кезекті кездесу Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Хайруллин Асланбек Мұратұлының қатысуымен өтті.

Сала маманы № 33 ЖОББМ 9-11 сынып оқушыларына Азаматтық қорғау академиясына түсу талаптарын баяндап, болашақ талапкерлерге құтқарушылар қызметінің артықшылықтарын атап өтті.

Жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдауларына бағытталған жоба өз жалғасын табады.

Кусайнова Дильназ,
Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»