МАЛ САНЫ «СЫБАҒАМЕН» КӨБЕЮДЕ
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы Батыс Қазақстан облысына шетелден етті бағыттағы мал әкелінді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелеуді жалғастыруда. Мал басы санын көбейтуге және ауылшаруашылық өнімдерді экспорттау көлемін ұлғайтуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несиелер фермерлік шаруашылықтарға береді. Жаңартылған бағдарламамен – 70 млн. теңгеге дейін несие алуға болады. Субсидиялауды есептегенде пайыздық үсетемсі 4 пайызбен 15 жылға дейін беріледі. Тиімді жылдық үстеме 4,1% бастап бекітілген. Сонымен бірге, мемлекет фермерлерге шетелден сатып алынатын әрбір мал басына 225 мың теңге, сондай-ақ, жас малды бордақылау алаңына тапсырғанда – тірі салмақтың әр килограмына 200 теңге көлемінде субсидия төлейді.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» жеңілдетілген несие алған «Арғымақ» шаруа қожалығы Тамбов облысынан 60 симментал тұқымды мал басын Тасқала ауданына әкелді.
Бұған дейін «Арғымақ» ШҚ-да 100 жылқы мен еділбай тұқымды 700-ге жуық қой бар еді. Енді тиімді мал шаруашылығын дамытуды бастап, симментал тұқымын таңдады. Осылай, Ресей Федерациясының Тамбов облысынан 60 бас сиыр сатып алды. Бұл – жас аналық мал басы, ұрықтандырылған, сондықтан алдағы көктем-жазда бірінші төл күтілуде.
– Шаруаларға арналған көптеген қолдау бағдарламалары бар, ең бастысы – олар туралы хабардар болу, жаңалықтарды білу қажет. Мен жазда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүзеге асырып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы туралы естідім. Бұл – малдың санын көбейтуді қарастыратын бағдарлама. Несие тез рәсімделіп, бізге 70 млн. теңге берілді. Пайызы төмен, мерзімі ұзақ, 2,5 жылға дейін жеңілдетілген мерзім қарастырылған. Бұл ақша біздің шаруа қожалығымызға үлкен көмегін тигізді, – дейді «Арғымақ» ШҚ басшысы Асқар Ликеров.
Симментал тұқымды малдан ет және сүт өнімдерін алуға болады. Асқар Ликеров малды ет бағытында пайдалануды жоспарлап отыр. Себебі бұзаулар күніне 1 келіден салмақ қосады, ал бір жарым жастағы бұқашықтың салмағы 400 келіге дейін жетіп қалады. Тірі салмақтың 60 пайызына дейін – таза ет. Келісімге сәйкес, бұқалар «Қамқор» шаруа қожалығына тапсырылатын болады. Қожалық симментал сиырларымен қатар 70 тауарлық мал алды. Бұдан басқа қаржыны трактор сатып алуға және мал азығын дайындауға жеткізіп отыр.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан филиалының директоры Арысланбек Арыстанның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша 72 шаруа қожалығы жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге қаржыландырылған. «Сыбаға» бағдарламасы аясында облысқа екі мыңға жуық ірі қара шетелден әкелініп, 10 мыңнан астам ұсақ мүйізді мал сатып алынбақ.
Атап өту керек, республика бойынша «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» тарапынан 14,1 млрд. теңгеге 627 жоба қаржыландырды. Несиелік қаражат есебінен 22 мың бас ірі қара мал және 70 мыңға жуық ұсақ мүйізді мал басы сатып алынады.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу