8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2018 2685 0
Өзек

МАЛ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

5-7 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысы аумағында «Мал ұрлығы» республикалық алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Мақсат – мал ұрлығының алдын алу және бұған дейінгі мал ұрлығы қылмыстарын ашу.

Жедел алдын алу шарасы барысында БҚО ПБ аумақтық бөлімшелері 40-қа жуық фактіні ашты. Оның 17-сі кезекшілік уақытында анықталып, ашылды.

Сондай-ақ Полиция басқармасының жедел бөлімшелері қызметкерлері мен Қаратөбе ауданы полиция бөлімшесінің жедел іздестіру шаралары арқылы 2015 жылдан бері мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Осы уақыт ішінде олар 100 бас ірі қара мен жылқы ұрлаған. Сот күдіктілерге қатысты «қарауылмен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін 20 эпизод бойынша ҚК 188 бабы 3 тармағымен  БҚО ПБ тергеу басқармасы жүргізуде.

– Малды ұрылардан қорғау үшін күнделікті жайылымын бақылауда ұстау керек. Балама ретінде GPS құрылғысын пайдалану арқылы малдың қозғалысын бақылап отыру ұсынылады. Толық ақпарат алу үшін ІІО-дарына  жолығуға болады, – деді БҚО ПБ қылмыстық полиция басқармасының бастығы Ерлан Арыстанов.

БҚО Полиция департаменті ауыл шаруашылығы жоғалған кезде дереу полицейлерге хабараласу қажеттігін ескертеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
41 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
250 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
588 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»