Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды
Қазақстанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды. Берілген өтініштердің саны – 43 мыңға жуық.
Өтініштердің басым көпшілігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бағыттарына келіп түсті. «Бір жарым ай бойы магистратураға түсуге ниет білдіргендердің барлығы тіркелді. Тіркеу кезінде тестілеу өтетін орынды түсуші өз бетінше таңдайды. Емтихандар бүгін басталып, 10 тамызға дейін жалғасады», – деп түсіндірді Жоғары ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Ембаев.
Магистратураға түсу форматында өзгерістер жоқ. Талапкерлерге тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция рәсімі қамтамасыз етіледі. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қаралады. Сертификат өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Өту балы өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағытқа 75 балл, бейіндік бағытқа 50 балл.
Магистратурада оқу үшін 2023 жылы 13 мыңнан астам грант бөлінді.
Гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау 11-14 тамыз аралығында өтеді, ал грант иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін жарияланады. Қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу