8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2023 2324 0
Құттықтаймыз!

Мақсатымыз бір, құндылығымыз ортақ! 

Бүгін, Абай атындағы алаңда 1 Мамыр – Бірлік күніне орай үлкен мерекелік шара өтті. Орал қаласының тұрғындарын, жалпы өңір халқын облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, сөз сөйледі.

– Елімізде тұратын ұлттардың әрқайсысы бірегей, таптырмас қасиеттерге ие. Қазақстан аумағында біз-тату өмір сүретін халықпыз. Айтулы мерекенің мәні де осы. Біздің өңірде сексеннен астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Достығымыз бен татулықты ту етіп, облысымыздың гүлденуіне, дамуына бірлікте еңбектеніп келеміз. Өңіріміздің дамуына әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз бар. Түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне аса құрметпен қараймыз. Сондықтан баршаңызға бақыт пен шаттық, мол табыс тілеймін. Мереке құтты болсын! – деді Нариман Төреғалиев.

Алаңға жиналғандар татулық пен достық мейрамын бірге тойлап, елдің ертеңіне деген ақ жарма тілектерін бір арнаға тоғыстырды. Өңір өнерпаздарының «Бір шаңырақ астында» атты театрландырылған бағдарламасы көпшіліктің көңіліне айрықша көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ қолөнер шеберлері мен кәсіпкерлердің бұйымдары қойылған көрмеден өздеріне қажеттілерді қолжетімді бағаға сатып алды. Сонымен қатар асық ату, қол күресі, арқан тартыс ойындары мерекенің шырайын келтіріп, тартысты өтті.

Гүлжан Аязбаева

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»