Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қаралды
Бүгін, БҚО мәслихат аппаратында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша жиын өтті.
Мамандардың айтуынша, облыста мүгедектігі бар адам саны – 24351. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік қызмет порталының 2022 жылы 11280 адамға оңалту шараларын жасағаны баяндалды. Осы секілді өткен жыл бойынша түрлі статистикалық деректер көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз қолжетімдікті қамтамасыз ету барысында бейімделген нысандар саны, бөлінген қаражаттың есебі берілді. 2023 жылы «Инватакси» қызметінің қала, аудандар бойынша берілетін транспорт саны, «Teń qoğam» әлеуметтік қолдау және «Салют Orto kz» протездік-ортопедиялық орталықтардың халық үшін маңызы баса айтылды.
Отырыста БҚО ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов сөз алып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға араласуы, теңдігі, қолжетімдігі деген үш мәселені ортаға салды. Мүмкіндігі шектеулілердің спорттық шараларға қатысуы бәсең екенін сөз етті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков баяндама жасап, жүкті әйелдердің, балалардың скринингтен өтуін жіті қадағалау керегін тілге тиек етті. Жиынды қортындылаған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов аталған мәселелер бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық шараларға белсене араласуына БҚО-дағы барлық филиалдардың атсалысуын тапсырды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар баяндамашыларға сұрақ қою арқылы көптеген мәселені алға тартып, көпшіліктің назарын аударып, ашық пікір алмасты.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА,
«Жайық үні» газетінің тілшісі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру

Пікір үстеу