8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2023 2991 0
Қалалықтар қаперіне

Мүмкіндігі  шектеулі  жандардың мәселесі қаралды

Бүгін, БҚО мәслихат аппаратында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды  әлеуметтік қорғау бойынша жиын  өтті.

Мамандардың айтуынша, облыста мүгедектігі бар адам саны – 24351. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік қызмет порталының 2022 жылы 11280 адамға оңалту шараларын жасағаны баяндалды. Осы секілді өткен жыл бойынша түрлі статистикалық деректер көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз қолжетімдікті қамтамасыз ету барысында бейімделген нысандар саны, бөлінген қаражаттың есебі берілді. 2023 жылы «Инватакси» қызметінің қала, аудандар бойынша берілетін транспорт саны, «Teń qoğam» әлеуметтік қолдау және «Салют Orto kz» протездік-ортопедиялық орталықтардың   халық үшін маңызы баса айтылды.

Отырыста БҚО ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов сөз алып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға араласуы, теңдігі, қолжетімдігі деген үш мәселені ортаға салды. Мүмкіндігі шектеулілердің спорттық шараларға қатысуы бәсең екенін сөз етті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков баяндама жасап, жүкті әйелдердің, балалардың скринингтен өтуін жіті қадағалау керегін тілге тиек етті. Жиынды қортындылаған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов аталған мәселелер бойынша мүмкіндігі шектеулі  адамдардың қоғамдық шараларға белсене араласуына БҚО-дағы барлық филиалдардың  атсалысуын  тапсырды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар  баяндамашыларға сұрақ қою арқылы көптеген мәселені алға тартып, көпшіліктің назарын аударып, ашық пікір алмасты.

 

Дәметкен САҒЫНБАЕВА,

«Жайық үні» газетінің тілшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
135 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
143 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
270 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
534 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»