8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Мамыр 2021 1469 0
Қоғам

М.ХАЙРУШЕВ: «БӨКЕЙ ХАНДЫ НЕГЕ БӨЛЕКТЕЙМІЗ?»

Орал қаласына қарасты Зачаган кентінің атауын өзгерту мәселесі  көтерілуде. Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Камал Құбашевтың айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындардан кенттің атауын өзгерту бойынша түскен ұсыныстарды негізге ала отырып, қалалық ономастикалық комиссияның жанынан құрылған жұмыс тобының отырысына Алаш, Жұбан, Бөкей хан атаулары жолданған. Осы орайда кенттегі  ардагерлер кеңесінің  төрағасы  Манарбек Хайрушев өз пікірін білдірді.

– Қазіргі оңтүстік аудандар орналасқан жерлерді 1770 жылға дейін қалмақтар мекендеген. Қалмақтар кейін жоңғар жеріне, кей бөлігі Қалмақ қырына үдере көшіп, бұл жер отыз жыл бос жатқан. Сол уақытта Бөкей хан көрегендік танытып, Ресей патшасына хат жазып, 1801 жылы бұл жер қазақтарға берілген еді. Сол жерге 5 мың түтін мен 30 мыңдай кісімен Бөкей хан көшіп келген. Уақыт өте ол жерге қоныстанған халық саны 300 мыңға дейін жеткен екен. Сөйтіп миллиондаған гектар жер қазақ халқының игілігіне өтті. Кентте Жәңгір хан атындағы университет бар. Ол Бөкей ордасынан келетін үлкен күре жолдың бойында Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Одан әрі Махамбет-Исатай ескерткішінің іргесінде Хан тоғайы бар. Бөкейдей ұлы тұлғаны Орал қаласымен байланыстыруға негіз жоқ емес. Бұл тоғайдың «Хан тоғайы» деп аталуының тарихын біреу білсе, біреу білмес. Осы тоғай – Ресей патшасы І Александрдың жарлығымен 1812 жылы Оренбург губернаторы Волконский бастап келіп Бөкейді ақ киізге салып, хан көтерген жер. Ал 1824 жылы Астрахань губернаторының қатысуымен Жәңгірді хан көтерген жер. Өкінішке орай, осы тарихи оқиға күні бүгінге дейін еш жерде айтылмайды. Мемориалдық тақта да қойылмаған. Бөкей атында не жер атауы, не ескерткіш, не көше жоқ. Сонда қазақ халқының мақтанышына айналған Исатай, Махамбет, Жәңгір, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей арасында қазақ халқына ұлан-ғайыр жер алып берген, хандық құрған Бөкей неге жоқ, оны неге бөлектейміз.
Егер Бөкей болмаса, жүрер едік біз қайда,
Шекараны өзге жұрт басқа жерден сызбай ма?
Егер Бөкей көшпесе, Еділ-Жайық бетке алып,
Құмнан аспай қалың жұрт қалар ма еді тоқталып, – деп ақын Ғайса-Ғали Сейтақ жырлағандай, кентімізге Бөкей ханның есімінен өзге үйлесімді атау табылмайды деп ойлаймын. Бөкей ханның туғанына 220 жыл толуына орай кентке тарихи тұлғаның есімін беріп, Желтауға ескерткішін орнату туралы пікірімді де көпшілік қолдайды деп сенемін, – дейді  кент тұрғыны.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»