МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
БҚО Сырым ауданының прокуратурасы негізсіз ұсталған 216,8 мың теңгені қайтартып, мүгедектердің және олардың жеке көмекшілерінің құқықтарын қорғады.

БҚО прокуратурасының ресми өкілі Бауыржан Ахметжан мәлім еткендей, талдау нәтижесінде «Көру мүшелері зақымданған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» Корпоративтік қоры 2019 жылы аудан бойынша мүгедектердің 37 жеке көмекшісінің еңбекақысынан жеке табыс салығын ұстап қалғаны анықталды.
Салық Кодексінің 319-бабы 2-тармағының 31-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның мүгедекке қызметтер ұсыну кезінде алған материалдық пайдасы табыс ретінде қарастырылмайды.
Бұдан басқа 55 мүгедек тұлғаның көлік, жер және мүлік салықтарын төлеу фактілері анықталып отыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сай аталған салық түрлерінен босатылған (Салық кодексінің 490-бабы 3-тармағының 6-тармақшасы, 498-бабы 3-тармағының 4-тармақшасы, 526-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы).
Прокурорлық қадағалау актісімен мемлекеттік кірістер басқармасы 169,4 мың теңге жеке табыс салығын және 47,4 мың теңге басқа салықтарды қайтарып, 92 азаматтың құқықтары толығымен қалпына келтірілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу