8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2019 1880 0
Қалалықтар қаперіне

МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСТАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Мектептерде физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді курстар арқылы даярлау тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздің мектептерінде физика, химия, биология және информатика пәндерін 11 мың мұғалім ағылшын тілінде беріп отыр. Олар алдымен 3 айлық, кейінен 8 айлық тіл курсында білім алған.

«Келесі жылдан бастап мұғалімдерді айлық курстан өткізетін қаржыны педагогикалық ұйымдарға жұмсайтын боламыз. Яғни, педагог мамандардың университет  қабырғасынан тіл меңгеріп шығуына бағыттаймыз. 2016 жылы алғаш рет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыс берілді. Алғашқы 1200-ге жуық түлек 2020 жылы бітіреді. Сондықтан мұғалімдерді оқыту курстары тоқтатылды», – деді ол.

Оның айтуынша, балаларды үш тілде оқыту біртіндеп, мұғалімнің және мектептің дайындығына байланысты жүргізіледі.

«Бұл жерде «алдыға жан салмай проблеманы шешеміз», деп жүгіріп бара жатқан ешкім жоқ. Рет-ретімен жасаймыз», –  деді Күләш Шәмшидинова.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»