8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2019 1942 0
Без рубрики

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

   Шұғылалы көктемнің жарқын мерекесінің бірі – жыл басы Наурызды  Республикалық жоғары техникалық колледжінің директоры Сайра Умирбаева бастаған ұжым мен студенттері ерекше салтанатпен қарсы алды. Бұл күні колледж аудиториялары ұлттық нақышта безендіріліп, көрмелер жасақталған. Колледждің әр қабатында әр факультет студенттері ұлттық тағамдардан дастархан жайып, ұлттық өнерімізді насихаттап, қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртты.    

      «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов  баршаны Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, береке-бірлік, татулық тілеп, жастарға ақ батасын берді.  Колледждің алтыншы қабатында құрылған киіз үйге енген қонақтар ақтан ауыз тиіп, салт-дәстүрлерімізден сыр шертіп, жастардың санасына рухани нұр септі. Сондай-ақ жиналғандар  «Наурыз хикаясы» сюжеті негізінде студенттердің қойылымын тамашалады. Өнерлі студенттердің бірі күмбірлете күй шертсе, енді бірі әр ұлттың биін билеп, көпұлтты бауырына басқан еліміздің татулығы мен жарасымды бірлігін үлгі етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»