8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2019 1299 0
Қалалықтар қаперіне

ҰЛТТЫҚ БАНК ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРДЫҢ БЕРЕШЕГІН КЕШІРЕДІ

Ұлттық банк қарыз алушылардың 136 млрд теңгеден асатын берешегін кешіреді.

ҚР Ұлттық банкі Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ипотекалық қарыз алушыларға мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде 2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ұлттық банк 2015 жылы бөлген 130 млрд теңге банктердің 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде берген және жалғыз тұрғын үймен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған. 2019 жылғы 1 наурызда банктер бағдарлама шеңберінде 162,5 млрд теңгеге 26,2 мың қарызды мақұлдады. Оның ішінде 142,8 млрд теңгеге 24,5 мың қарыз қайта қаржыландырылды. Бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты, қазіргі уақытта қарыздарды қайта қаржыландыру бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түсетін ақша есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар ақша игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, қайта қаржыландырылған қарыздардың саны 2026 жылға дейін шамамен 40 мың болуы мүмкін. 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген халықтың валюталық ипотекалық қарыздары жөніндегі мәселені түпкілікті шешуді тапсырды. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Ұлттық банк басқармасы 2018 жылғы 27 наурызда жаңа редакцияда бекіткен бағдарлама 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді. Қарыздар Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландырылуға тиіс екендігін еске саламыз. Бағамдық айырма сомасы (шамамен 156 млрд теңге) Ұлттық банк қаражаты есебінен өтеледі. Банктер мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде қарыз алушылардың 136 млрд теңгеден асатын сомада сыйақысы, комиссиялары, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін кешіретінін хабарлаймыз. 2019 жылғы 1 наурызда банктер 56,4 млрд теңге сомаға валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 6,7 мың өтінімді мақұлдады, оның ішінде 42,2 млрд теңге сомаға 5,3 мың қарыз қайта қаржыландырылды. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеде аяқталатынына назар аударамыз. Осы мерзім аяқталғаннан кейін банктер қарыз алушыларға берешекті өндіріп алуға бағытталған, заңнамада көзделген шараларды қолдануға құқылы. Валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін қарыз алушылар 2019 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей кредитор банкке өтініш беруі қажет. Бағдарламаны жүйелі талдау көрсеткендей, қосымша мемлекеттік қолдауға халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХОТ) жататын қарыз алушылар, сондай-ақ жалғыз мүлкі қарыз бойынша міндеттемелерді орындау есебінен банктердің балансына өткен қарыз алушылар мұқтаж. ХОТ санатына жататын қарыз алушылардың көпшілігі үшін әлеуметтік төлемдер мен бюджеттен жәрдемақылар, оның ішінде қарызға қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтін атаулы әлеуметтік көмек кірістің жалғыз көзі болып табылады. ХОТ қарыз алушыларын қосымша қолдаудың талаптарын әзірлеу және қарыз алушылардың меншігіне банктердің баланстарында тұрған тұрғын үйді қайтару үшін Ұлттық банкте жұмыс тобы құрылды. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың өкілдері, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің басшылары кірді. Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкінің және банктердің олардың аумақтық тиесілігіне сәйкес тиісті филиалдарына жүгінуді ұсынамыз. Филиалдардың байланыстары «Байланыс» бөлімінде сілтемесі бойынша қолжетімді. Бағдарлама талаптарымен «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде сілтемесі бойынша Ұлттық Банктің сайтында танысуға болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
44 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
127 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
353 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
837 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1216 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1125 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1573 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2189 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2355 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2361 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2413 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2417 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2042 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2898 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2950 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2946 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3557 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3527 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3516 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3492 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3653 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»