Ұлт өкілдерін марапаттады

28 желтоқсан күні Достық үйінде облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев ұлт өкілдерінің төрағаларымен кездесу өткізді. Жиынға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелері, ақсақалдар және аналар кеңестері қатысты. Салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы жылы лебізін айтып, бірнеше ұлт өкілдерін марапаттады.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абат Қадимұлы Есенғалиев «Құрмет грамотасымен», Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы – Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина «Бірлік» медалімен, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, Еуразия халқы Ассамблеясының іскерлік байланыс Кеңесінің тең төрағасы, «МонтажТехСервис» ЖШС компаниясы тобының бас директоры Болат Анатайұлы Сарсенов «Бірлік» медалімен, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бирлик» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жастар қозғалысының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Джаналиев Элгун Ахмед оглы «Жомарт жан» медалімен, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ-вайнах жастары «Достық» жастар клубы төрағасының орынбасары Талғат Ғайсаұлы Чудобаев «Үздік волонтер» аталымымен және «Алғыс хатпен» марапатталды.
Гүлжан Серікқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу