8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2019 1601 0
Қоғам

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚШАСЫНАН БІР ҚАТЕ ТАППАДЫ

Бүгін президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруден емтихан тапсырды. Лингвистткалық комиссия кандидатты қазақ тілін толық меңгерген деп таныды.

«Лингвистикалық комиссия жұмысын бастады. Тұңғыш үміткерден емтихан алынды. «Нұр Отан» партиясы ұсынған үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев келіп емтихан тапсырды. Екі сағат деңгейінде бізде болды. Ережеге сәйкес емтиханды тапсырды. Бірінші «Абай поэзиясы мен қара сөздері» тақырыбын, екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелері мен хикаялар жинағын таңдап алды. Үшінші өзінің жанына жақын тақырып Қазақстанның геосаясаты туралы әңгімелеп берді», – деп айтты комиссия төрағасы. 

Мырзатай Жолдасбеков Қасым-Жомарт Тоқаев жазба жұмысында Абайдың поэзиясы мен қара сөздерінің халыққа беретін маңызы туралы терең жазғанын атап өтті.

«Бір де бір қате көргеніміз жоқ. Өткен жолғы президентіміз де осылай жазған еді. Шерхан Мұртазаны өзі таңдап алды. Үш бетін мәнерлеп, ырғақпен оқыды. Таң қалдым. Қазақстанның қазіргі геосаясаты туралы терең толғады. Комиссияның мүшелері толық қатысып, пікірлерін толық айтты. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық меңгерген», – деп айтты Мырзатай Жолдасбеков ОСК қабырғасында. 

Ол лингвистикалық комиссия алдына келетін кандидаттарға шын жүректен табыс тіледі.

Еске салсақ, ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев жазбаша тапсырмада «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері» тақырыбында екі беттік шығарма жазды, екінші тапсырмада Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» кітабынан мәнерлеп үш беттік үзінді оқып берді. Ал үшінші тапсырмада еркін тақырыпта 15 минуттан кем емес сөз сөйлеуі тиіс болатын.

BAQ.KZ

Б.ЖУАСБАЕВТЫҢ СУРЕТІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»