Әлия
Сырым аудандық ауруханасының фтизиатр дәрігері Әлия Энгельсқызы Тқатова көп жылдар бойы халық денсаулығы үшін аянбай қызмет етіп келеді. Ол 1976 жылы 30 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Медицина саласына бала кезінен ерекше қызығушылық танытып, арманын айқын мақсатқа айналдырып, сол бағытта табандылықпен еңбек етуде. Алғашқы кәсіби білімін 1994-1996 жылдары Батыс Қазақстан медициналық училищесінде алып, өз жолын Шыңғырлау аудандық ауруханасының балалар бөлімінде мейірбике болып бастады. Бұл кезең оның медицина саласындағы алғашқы қадамы ғана емес, адам өміріне деген жанашырлық пен жауапкершіліктің қалыптасуына негіз болды. Осы тәжірибе арқылы Әлия өз мамандығын терең түсініп, әрі қарай жоғары білім алу қажеттігін ұқты. Сондықтан 1997 жылы Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына оқуға түсіп, 2003 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша дәрігер мамандығын иеленді. Одан кейінгі жылдары интернатурадан өтіп, жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде кәсіби тәжірибесін арттырды.
Медицина саласында жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан Әлия Энгельсқызы бүгінде Сырым аудандық ауруханасының көрнекті фтизиатры әрі сәулелі диагностика саласының маманы. 2011 жылы бөлім меңгерушісі болып тағайындалып, 2016 жылдан бері осы салада өз міндетін абыроймен атқарып келеді. 2022 жылдан бастап рентгенолог маман ретінде де қызметін жалғастыруда.
– Дәрігер Әлияның жылы шырайлы қарым-қатынасы, адамгершілігі мен қарапайымдылығы әріптестері мен науқастар арасында сенім мен құрметке ие, – дейді Сырым аудандық аурухана директоры Сабыр Ғабделхалықұлы.
Бұл туралы Айнара ИСАның етжеңді мақаласын газетіміздің 18 қыркүйектегі санынан оқуға болады.
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру