8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2022 20179 0
Мәслихат жаршысы

Әлихан Смайылов БҚО-дағы күре жолдарды жөндеу қарқынын жеделдетуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жолдарды жөндеу бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдауды тапсырды.

Осыған байланысты Үкімет басшысы бірінші кезекте 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді байланыстырып отырған «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының учаскесіне барды. Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресейге транзиттік дәліз болып отыр. Қазіргі уақытта күре жолдың жағдайы өте нашар, әрі-бері өткен Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы жол азабын тартып отыр.

«Күре жолдардың жағдайы – Батыс Қазақстан облысындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Биылғы жылы біз бұл жұмыстардың ауқымды бөлігін аяқтауымыз керек. Осыдан үш жыл бұрын басталған бұл жобалар қаржының жетіспеушілігінен бітпей қалды. Биыл жолдарды жөндеуге 15 млрд теңге көзделген, егер жұмыс қарқынын тездетуге техникалық жағдай мүмкіндік берсе, қосымша қаражат бөлуге болады. Бюджетті нақтылау кезінде біз «Подстепное – Федоровка –РФ шекарасы» автомобиль жолына арнайы 6 млрд теңге қарастырдық. Жолдарды жөндеу жұмыстарын 2002-2023 жылдары аяқтау қажет», – деді Әлихан Самйылов.

Үкімет басшысы облыс әкімдігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауда ұстап, қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан кейін Премьер-Министр өсімдік майы мен күнжара өндіретін кәсіпорын «Пойма май комбинаты» ЖШС-ға барды.

Зауытта 135 адам жұмыс істейді, ал оның өнімі (жылына шамамен 50 мың тонна) тек БҚО-да және көршілес облыстарда ғана емес, сондай-ақ Түркіменстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, Тәжікстанда және Ресейде сұранысқа ие.

2,8 млрд теңге мемлекеттік қолдау алған кәсіпорын «айналым схемасы» арқылы бағаны тұрақтандыру саясатын іске асыруға белсенді қатысуда, соның арқасында өсімдік майының бағасы айтарлықтай төмендеді.

«Өздеріңіз білетіндей, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Осыған байланысты нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Олардың ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – бірінші кезекте. Нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз ету үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Осы мақсатта күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын шығаруға квота енгізілгені белгілі», – деді ҚР Премьер-Министрі.Жұмыс сапарының келесі нысаны үш ауысыммен оқытуды жою шаралары аясында іске қосылған 300 оқушыға арналған №18 мектеп-бөбекжай-балабақша кешені болды.

Премьер-Министр «Білімді ұлт» ұлттық жобасында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар көзделгенін атап өтті. 2021 жылы 534 балабақша ашылды. 2022 жылы 138 мектептің құрылысына бюджеттен 104 млрд теңге бөлінді, оның ішінде БҚО-да алты мектепке 1,9 млрд теңге бөлінді. Одан бөлек, 2022 жылы республикада 1 000 мектеп, оның ішінде БҚО-да 63 мектеп жаңғыртылады.

«Сонымен қатар облыс балабақшаларында 11 мыңнан астам адам кезекте тұр, алты апатты және үш ауысыммен оқытатын үш мектеп бар. Қосымша білім бойынша мемлекеттік тапсырысқа қаражат бөлінген жоқ. Әкімдік бұл проблемаларды жедел шешуі керек. Жеке меншік балабақшалар көбірек ашылуы керек. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша білімге жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қамтамасыз ету қажет», – деді Үкімет басшысы.

 

Одан кейін Әлихан Смайылов «Орал жылыжай кешені» ЖШС қызметімен танысты, оның жобалық қуаты жылына 3 мың тонна қияр мен қызанақты құрайды. Кәсіпорын «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша 5 млрд теңге мемлекеттік қолдаудың арқасында іске қосылды, нәтижесінде өңірде жылыжай өнімдерін өндіру екі есеге артты.

«Көкөністермен қамтамасыз ету мәселесінде жылыжай кешендері маңызды рөл атқарады, сондықтан біз олардың санын арттыруға мүдделіміз. Бұл үшін жылыжай салуға және оны күтіп-ұстауға кететін шығындарды субсидиялауға айтарлықтай қаражат бөлінеді. Бұл жерде еліміздің батысындағы ірі кәсіпорындардың бірі Орал жылыжай комбинаты жұмысы маңызды екенін өткім келеді. Тек өз аймағымыздың ғана емес, сонымен қатар көрші аймақтардың нарығына шығу үшін де күш салу қажет. Бұл бағыттағы әлеует зор», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

 

Осыған дейін Әлихан Смайыловтың Ресеймен транзиттік дәліз болып отырған жолдың жағдайымен танысқанын жазған болатынбыз.

 

inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
241 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
504 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
744 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
777 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
933 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1127 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1364 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1447 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1553 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1565 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1593 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1601 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1702 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1923 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2231 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2117 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2230 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»