8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Ақпан 2021 1026 0
Қоғам

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАРҒА ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ ТАРАТЫЛАДЫ

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында осы жылдың маусымына дейін 145 мың медициналық дәрі қобдишасы табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін жеткізілетін болады.

Медициналық дәрі қобдишаларын сатып алуға қаражат Азия даму банкінің гранты есебінен бөлінетін болады. Дәрі қобдишаларын БҰҰДБ арқылы сатып алу болжанып отыр.

Жиынтықтардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Дәрі қобдишаларын алушыларға жеткізуді қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады.

Бұл шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың экономикалық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, ағымдағы жылдың маусымына дейін Қазақстандағы табысы аз отбасыларға 145 мың медициналық дәрі қобдишасы жеткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 шілдесінде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы табысы аз отбасыларды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәрі-дәрмектермен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

https://egemen.kz/article/266471-aleumettik-komek-alatyn-otbasylargha-dari-qobdishasy-taratylady
© egemen.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»