8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2025 6477 0
Оқиға

Ұландықтар көмекке келді

Орал қаласының көшелерін патрульдеу кезінде 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көмекке шақырған адам дауысын естіген.


Дауыс шыққан жерге жеткен сарбаздар жасөспірімдердің физикалық қысымына тап болған қызды анықтады. Ұландықтардың кәсібилігі мен батылдығының арқасында екі агрессивті жасөспірім сол жерде ұсталып, полицияға тапсырылды.

–  Біз қызды көріп, оған көмек қажет екенін бірден түсіндік. Балалар арасындағы дау төбелеске айналған. Біз дереу орталарына түсіп, жағдайды реттедік, – дейді қатардағы Ғаламат Нұрберген.

Буллингке ұшыраған қыздың анасы Татьяна Ефремова егер ұландықтар көмекке келмегенде баласының денсаулығына әлдеқайда ауыр зардаптар келуі мүмкін екенін атап өтті. Ол 5517 әскери бөлімінің құрамына алғыс білдірді. Ұсталған жасөспірімдер құқық қорғау органдарына тапсырылды, ал қызға қажетті медициналық көмек пен қолдау көрсетілді. Осылайша ұландықтар құқықтық тәртіп әскер әрқашан көмек қажет жерден табыла кететінін тағы да дәлелдеді.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
143 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»