8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2020 888 0
Қоғам

«КВАНТТА» ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Оралдағы жұмсақ және корпустық жиһаздарды дайындайтын «Квант» ЖШС жақын күндері тағы бір цехты іске қоспақ. Күн санап тапсырысқа орай өндіріс көлемін ұлғайтып отырған компания үшін бұл цехтың өнім қуаттылығын арттыруда маңызы ерек. Қазіргі уақытта цех құрылысы аяқталған. Енді Италиядан құрылғылар әкелініп, оларды орнату, іске қосу жұмыстары атқарылуы тиіс. Бұл цехта 100 шақты адамға жұмыс табылмақ. Қала әкімі Абат Шыныбеков фабриканың базасында болып, жаңа нысанның әске қосылуы және  фабриканың алдағы уақыттағы жоспарларымен танысты.  

10 368 шаршы метрлік цехтың құрылысына 2000 млн. теңге қаржы жұмсалыпты. Мұнда жылына 22 мыңдай – корпустық жұмсақ жиһаз, үстел мен орындық, матрастар дайындалады деп күтілуде.

–  Бізде төрт өндіріс бар – корпустық жиһаз, жұмсақ жиһаз, матрастар дайындалады және  үстел мен орындықтар боялады. Үстел мен орындықтар Ресейде жасалады. Себебі ол жақта орман бар. Ресейде станоктарымыз тұр. Сол жақтан бізге өңдеп береді. Бояу осында жүргізіледі. Бояушылар қазір тарлық етсе же, жиһаз дайындалатын цехта сыйысуға мәжбүр боп отыр. Тапсырыс өте көп. Енді оларды жаңа цехқа көшірмекпіз, – дейді компания директоры Михаил Пшеничный.

Корпустық жиһаз цехының басшысы Марина Другокова атап өткендей, цехта жұмыс тоқтамайды. Құрылғылар автоматты режимде жұмыс жасайды. Десе де қолдың күші қажет. Қазір бұл цехта үш ауысыммен 145 адам қызмет атқаруда. Тапсырыс қалай түссе, жұмыс көлемі соған сәйкес болады. Әрқашан жұмыс бар. Жұмыс тұрақты, жалақы да тұрақты. Қызметкерлерді тасымалдау үшін арнаулы көлік те шығарылған.

–  15 жылдан бері осы фабрикада жұмыс жасаймын. Менің атқаратын қызметім – жаңа үлгілер бойынша тәжірибе жасау. Біз дайындаған үлгілер аз емес. Сұраныс жоғары. Осы бағыттағы жұмыс бойынша ресейліктер бұдан да жоғары жалақы ұсынып, шақырған болатын. Жасап отырған жұмысымның аурасы өзіме  ұнайды. Сол себепті бас тарттым, –  дейді тәжірибелік цехтың шебері Нұрлан Саққазов.

Бүгінде «Квант» компаниялар тобы 1200-дей адамға жұмыс орнын ұсынып отырған ірі серіктестік екенін атап өту керек. Компания тобының қаржы директоры Дмитрий Пшеничныйдың айтуынша, пандемия кезінде бір де бір азамат жұмыстан қысқартылмаған.

Жаңа цех іске қосылған соң, аумақта тағы бір нысанның құрылысы басталмақ. Бұл «ақылды қойма» болады. Цехтардан дайындалып шыққан өнімдер компьютерге енгізіліп, штрих-кодтары бойынша автоматты түрде осы қоймадағы сөрелерге қойылады.

– Қазір дайындалған өнімдерді қаланың әр шетіндегі үш қоймадан тиеп жүрміз. Оған қоса тапсырысты қоймадан іздеу жұмысы, оның дұрыс салынғанын бірнеше мәрте тексеру тағы бар. Осылай уақытты көбірек жоғалтып отырмыз. Яғни күніге төрт көліктен артық тиеуге үлгере алмаймыз. Цифрлық жүйедегі қойманы салып, іске қоссақ, біз жұмысты жеделдетуге мүмкіндік алар едік. «Ақылды қоймада» тапсырысқа байланысты өнімді көлікке тиеу кезінде штрих-кодтары сканерленіп жүкқұжатқа сәйкестігі тескерілетін болады, – дейді Дмитрий Пшеничный.

«Квант» дайындайтын жиһаздар үшін шикізат Ресей мен Қытайдан жеткізіледі. Дайындалған өнімдер негізінен ел нарығына бағытталған. Сонымен қатар компания Қырғызстан, Армения елдерімен жемісті жұмыс жасауда.

Айта кетейік, облыс орталығында 2020-2024 жылдар аралығында 72 инвестициялық жоба iске асырылады. Оның iшiнде 20-сы биыл iске қосылмақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
75 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
145 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
376 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
859 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1237 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1596 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2212 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2377 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2384 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2435 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2439 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2056 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2919 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2973 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2967 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3580 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3548 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3539 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3515 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»