8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2018 2288 0
Қоғам

КРУГЛООЗЕРНЫЙ АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА «ҮМІТ» БӨЛМЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Круглоозерный арнаулы қызмет көрсету орталығында бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектер тұрады. Биыл мекеме мамандарының кабинеттері үлкен әрі жарық орынға көшіріліп, қызмет алушылардың тұратын ғимараттары күрделі жөңдеуден өтті.

Орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Клуб, кітапхана, спорт залдарын әрбір қызмет алушы пайдаланады. 2010 жылдан бастап орталықта сегіз бағытта қызмет алушыларды әлеуметтік оңалтумен айналысуға штаттар – әлеуметтік мамандар, психологтар, дене тәрбиесінің маманы, дефектолог, ән мұғалімдері,  кітапханашы, еңбек нұсқаушылары жұмыс жасауда. Қуантарлық жағдай, биыл орталық басшысы Мұрат Болатұлының бастамасымен «Цифрлық ақпарат»  және «Үміт» бөлмелері ашылды. Бұл орталық үшін өте маңызды.

Цифрлық ақпарат бөлмесі – орталықта көрсетіліп жатқан сегіз бағыттағы әлеуметтік қызмет түрлерін қабырғада слайд арқылы көрсетіп, қызмет алушылардың туыстарына олардың жағдайларының жақсарғандықтарын көрсету, жағымсыз ойлардан арылту мақсатында ашылды.

«Үміт» бөлмесін ашудағы мақсатымыз  – әр қызмет алушының бойындағы үміт отын өшірмей, алға ұмтылуына жағдай жасау. Мұнда қызмет алушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуі, әр маманмен жеке және топтық қарым-қатынас жасауы үшін толық мүмкіндіктер жасалды.

Қызмет алушыларды еңбекке баулу, әлеуметтік іс-шараларға араластыру, тоқыма ісін үйретіп, кітапханаға апару қызметтері ұйымдастырылып келеді. Мәдени шараларға шамасы жететіндердің бәрі бірдей атсалысады. Әлеуметтік емдеу-сауықтыру қызмет алушылардың соматикалық жай-күйіне, жеке қажеттіліктеріне қарай жүргізіледі. Осы мақсатта орталықтағы қызмет алушыларға салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Яғни шахмат, дойбы, әр түрлі ойындар ойнауға доптар, теннис ойнау үшін қажетті құралдар, велотренажер, жүгіру жолағы, спорттық киімдер алынды. Спортпен айналысуларына дене шынықтыру мұғалімі жәрдемдеседі. Мүгедектер арасында түрлі жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналды.

Психолог мамандары қызмет алушыларға психологиялық әңгімелер жүргізіп, олардың мәселелерін талқылайды, қолдау көрсетіп, белсенділікке ынталандырады. Топтық тренингтер өткізеді. Сенсорлық бөлмеде әуен терапиясы әдісімен босаңсыту демалысы, медитация және релаксациялық жаттығулар жүргізеді.

Еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында орталықтағы қызмет алушыларға олардың жеке қажеттіліктеріне қарай жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалды.

Орталықта әр қызмет алушы сүйікті ісімен айналысады. Олардың демалуларына толық мүмкіндік жасалған.

Ш.Карағойшиева, арнайы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
76 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
256 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
296 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
573 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
585 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
711 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1013 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1105 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1132 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1344 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1614 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1839 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1879 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2025 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2224 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»