8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2024 2490 0
Оқиға

Контрабандалық тауарлардың жолын кесті

БҚО Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп «Орал-Бузулук» автожолында «Volvo» маркалы екі ауыр жүк көлігін тоқтатады.


Олардың бірінде 1348 қорапта ірімшік өнімі табылды, оны жалған құжаттар арқылы (жүкқұжаттар) “тұз” ретінде тасымалдаған. Ірімшіктің құны шамамен 320 миллион теңгені құрайды.

Екінші автокөлікте 1.755 қорап, (87.755 блок) немесе (877.500 пакет) акциздік маркалары жоқ «MILANO» маркалы темекі салынған қораптар табылып, тәркіленді, жалған құжаттар бойынша “құбырлар” ретінде тасымалданған. Тәркіленген темекінің шамамен құны 350 миллион теңгеден асады. Күдіктілер контрабандалық тауарлармен мемлекеттік шекарадан өтпекші болған.
Тәркіленген тауардың болжамды жалпы сомасы 670 миллион теңгені құрады.

Айналымнан алып қойылған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»