8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2024 3290 0
Қалалықтар қаперіне

Комиссия құрамының нәтижесі сараланды

Бүгін, ақпанның 22-сі күні «Аманат» партиясы ғимаратындағы «Жастар рухы» залында «Жайық жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша БҚО жастарына жеңілдетілген несие беруге арналған комиссия құрамының отырысы өтті.

Жиында сөз сөйлеген облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы, комиссияның төрайымы Гүлжанар Шөкеева: – Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ БҚОФ арасында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес және ҚР-ның жастарын қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары негізінде өңір жастарына жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша меморандум жасалғаны мәлім. Осы бағдарлама аясында ағымдағы жылдың 18 қаңтар мен 8 ақпан аралығында 21-35 жастағы жастар санатына жататын қала тұрғындары 6 санат бойынша (денсаулық, білім, мәдениет, спорт, коммуналдық кәсіпорын, мемлекеттік қызмет) 1040 жас отбасы құжат тапсырды. Соның ішіндегі 40-тан астам жастың құжаты рәсімделіп бітті.

Барлығы 600 000 млн теңге қаражат қарастырылған. Яғни, әр отбасыға 15 млн теңгеден беріледі. Комиссияның шешімімен 40-50 отбасының құжаты «Отбасы банкке» жіберіледі. Нақты шешімді «Отбасы банк» төлем қабілетін растайды. Ең басты ерекшелігі-отбасының некеде көп жылдан бері тұруы, балаларының саны, еңбек өтілі ескеріледі. Іріктеуден өткен соң бағдарламаға қатысушы қарызды беруге дейін жинақ шотына қарыз сомасының 10 пайызын енгізеді.Банк алдындағы кредит беру және кредиттік міндеттемелерді өтеудің ең ұзақ мерзімі 20 жылды құрайды.

Банктін тексеруінен өткен жобаға қатысушылардың тізімі jaiyg _jastary сайтында және инстаграмда «Жолдама алған азаматтардың тізімі» бөлімінде орналастырылады,-деді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің №9 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
34 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
80 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
50 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»