8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2020 1363 0
Өзек

ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЫНА ЖЕР АЛЫП БЕРДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі Бақытжан Базарбек фейсбуктегі парақшасында БҚО аудандарындағы жер комиссиялары мүдделер қақтығысын тудырып отырғанын жазған еді. Бұл мәселе бойынша  бүгін  «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында өткен брифингте БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет түсінік берді.

Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі Бақытжан Базарбек Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарындағы жер комиссияларында орын алған мүдделер қақтығысын жазып көрсеткен.  Мәселен, Шыңғырлау ауданындағы жер комиссиясының мүшесі  К.Құсмағамбетов өзі конкурсқа қатысуға өтініш берген және Ақшат ауылдық округі аумағынан жерді қолдану бойынша жеңімпаз атанған. Осы ретте БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен тексеру жүргізілуде.

– Алдын ала түскен ақпаратқа сәйкес комиссияның мүшесі К.Құсмағамбетов өзі берген өтінімді қарау кезінде дауыс беруге қатыспаған. Яғни мүдделер қақтығысы болған жоқ деп санаймыз. Дегенмен, тексеру нәтижелері әлі нақтыланған жоқ. Ресми баға сол кезде беріледі, – деді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Н.Самет.

Екінші жағдай – Бәйтерек ауданы жер комиссиясында болған. Бұл мәселе бойынша да тексеру жүргізілуде. БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Н.Саметтің мәліметінше, Бәйтерек ауданындағы жер комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары М.Залмұқановтың туысы, нақтырақ айтқанда туған ағасы Т.Залмұқанов Янайкин ауылында жерді қолдану бойынша жеңімпаз атанған. Бұл жағдайда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабында көрсетілгендей, мүдделер қақтығысы туып отыр.

– Бұл бапта жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатыны жазылған. Бәйтерек аудандық жер комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары М.Залмұқанов алдын ала жағдайды аудан әкіміне хабарлауы керек. Сол ақпарат негізінде  аудан әкімі мүдделер қақтығысын алдын алу мақсатымен шаралар қабылдауы немесе орынбасарының туысқанының өтінішін қарау уақытына жер комиссиясы құрамын өзгертуі керек еді, – дейді Н.Самет.

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұсынысымен  Бәйтерек ауданы комиссиясының ол азаматқа (аудан әкімі орынбасарының туысына) жер беру туралы шешімінің күші жойылған. Тиісті тексеру жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша лауазымды мемелекеттік қызметкердің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралмақ.

Сондай-ақ Н.Самет осы мәселеге қатысты аудандық жер комиссиясының мүшесі әрі «Нұр Отан» партиясының Бәйтерек ауданындағы филиалы жанынан жұмыс жасайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшесі бола тұра Л.Шмаринаның бұл жағдайды алдын алуға әрекет жасамағаны алаңдатып отырғанын да жеткізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»