8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қыркүйек 2019 1604 0
Қоғам

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАНДАНАДЫ

Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында аталмыш комиссияның үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы талқыланды.

Зашағандағы №5 кітапхана базасында өткен комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов төрағалық етті. Алдымен маусым-тамыз айлары аралығында «Назар аударыңыз: демалыс!» акциясының ұйымдастырылуына белсене қатысқандар марапатталды. Бақытжан Хаберұлының мәліметінше, акция аясында үш айда 77 шара ұйымдастырылып, 50  мыңнан астам бала мен ата-ана қамтылған.

Комиссия төрағасы Бақытжан Нарымбетов комиссия жұмысында үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесімен бірлесе жұмыстанудың маңыздылығына тоқталды. Мәселен, 2012 жылы елімізде «Ана үйі» қоғамдық қоры жұмысын бастаған болатын. Қор алғашқы жобасын аналардың өз балаларынан бас тартуының алдын алудан бастаған болса, 2016 жылы екінші жоба қолға алынды. Бұл – бала асырап алуды қолдау орталығының ашылуы. Биыл VIII азаматтық қоғам форумында «Аналар үйі» қоғамдық қорының басшысы Айдын Рахымбаев  бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құру туралы ұсыныс беріп, бұл ұсынысты Елбасы қолдап, тиісінше тапсырма берді. Комиссия отырысында облысымыздағы «Ана үйі» бала асырап алуды қолдау орталығы қоғамдық қорының үйлестірушісі Рима Көбейсінова жаңадан құрылған бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің жетімдіктің алдын алу және балалардың құқықтарын қамтамасыз ету тетігінің құрамдас бөлігі екенін атады.

– Біздің мақсатымыз – әлеуметтік жетімдіктің алдын алу. Біріншіден, балалары бар дағдарыс жағдайына тап болған отбасыларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету. Жұмысымыздың екінші бағыты – отбасына бала қабылдауға ниеттенген жанұяларға құқықтық, психологиялық қолдау беру. Биыл орталығымызға 57 үміткер өтініш беріп, оның 38-і психологиялық көмекпен қатар орталықтың қызметін алды. Психологиялық көмек отбасының баланы қабылдауға дайындығын анықтауға септігін тигізеді. Егер отбасы дайын болмай, баланы қабылдаған болса, баланың екінші мәрте жетімдікке тап болуына әкелуі мүмкін. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар кездесуде, – дейді Рима Кәкенқызы.

Бүгінде орталықта «Асырап алушы ата-ана мектебі» жұмыс жасайды. Енді қажеттілікке орай толық отбасындағы ата-аналарға заңгерлік және психологиялық көмек көрсету курстарын ашу жоспарлануда.

Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу да өзекті күйде. Еліміз егемендік алған жылдар ішінде 106 мың қазақстандық өздерін өлімге қиған екен. Жүргізілген зерттеулер адамдардың өздерін жалғыз сезінгендіктен, суицидке баратынын көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өзін өлімге қиятындардың көпшілігі 15-29 жастағылар болып отыр. Биылғы жылдың алты айында облыста 23 суицид жағдайы орын алып тіркеліп үлгерген екен. Оның сегізі суицидке оқталу болса, 15 жағдай өліммен аяқталған. Бұл мәселеге қатысты өңірімізде айналысып отырған «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алтынай Есқалиева жоба аясында жасөспірімдермен және ата-аналармен жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып,  ата-аналардың өз балаларына ұдайы көңіл бөліп, бақылауда ұстауы қажеттілігін жеткізді.

Сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагері, комиссия мүшесі Александр Мазжухин «Жас отбасы» жобасының өңірде жүзеге асуы туралы баяндады. Аталмыш жоба болашақ отбасылар мен жас отауларға көмек көрсетуге бағытталған.  Ол кеңес беру, оқыту, осы санаттағы адамдардың бос уақыттарын ұйымдастыру арқылы жүзеге аспақ. Жобаға кәсіби психологтар, медицина мамандары,  заңгерлер және медиаторлар тартылған. Қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенованың айтуынша, қазіргі уақытта АХАЖ бөлімі мен №2 қалалық соты некеге тұруға өтініш берген жұптармен профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Әр сейсенбі мен бейсенбі күндері кездесулер ұйымдастырылып, семинар-тренингтер өткізіліп келеді. Отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған тұлғаларды қоғамдық өмірге тарту, жас отбасын қалыптастыру мектебі сынды жобалар да сәтті жүзеге асып келеді. Бұдан бөлек комиссия отырысында қалалық «ұлттық мектеп лигасы» туралы баяндалды.

Елмұра Асхатқызы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
114 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
335 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
821 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1198 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1114 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1558 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2173 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2341 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2347 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2397 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2400 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2031 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2882 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2935 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2931 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3541 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3513 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3499 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3478 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3639 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3685 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»