8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2023 2545 0
Қоғам

Киік еттері төрт комбинатқа жөнелтіліп жатыр.


Батыс Қазақстан облысында сойылған киік еттері төрт комбинатқа жөнелтіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, қазіргі кезде киіктер Жаңақала мен Казталов аудандарында ауланып, сойылуда.

«Күні бүгін 1700-ден астам бас киік сойылып, еттері Жаңақала ауданындағы «Сәулетов», Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы «Жалпақтал», Оралға қарасты Круглоозерный кентіндегі «Кубеев» ЖК және Атырау қаласындағы «Асыл-Агро» компаниясына жөнелтілді. Комбинаттар етті тоңазытқышта сақтап, халыққа сатады. Соңғы кезде Круглоозерныйдағы ғимараттың бұрын автокөлік жуу нысаны болғаны жөнінде әңгіме айтылуда. Бұған қатысты мынадай түсініктеме бергім келеді. Бұрын сондай нысан болғанымен, кейін ішін қайта жасақтап, ветеринарлық талапқа сәйкестендіріп, тиісті құжаттарын алған», деді Н.Рахымжанов.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс Қазақстан өңірлік филиалының директоры Арман Қожахметов киік ұшаларының ет комбинаттарына жіберіліп жатқанын айтып, 21 қазан күні жаңбырға байланысты бұл жұмыстың уақытша тоқтағанын хабарлады.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»