8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2024 3001 0
Қалалықтар қаперіне

Кедендік бекеттегі кептеліс

Ресей федерациясының Орынбор облысы тұсындағы кедендік шекара бекетіндегі жол жөндеу жұмыстарына орай «Маштакова» халықаралық автомобиль өткізу пункітінің тұсында 200-ден аса жүк көліктері кептелісте тұр.


БҚО мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, көрші ел аумағындағы жол жөндеу жұмыстары осы айдың аяғына дейін жалғасады. Кептеліс сол себепті туындаған.

Бұған дейін кедендік бекетте тұрған көліктерді бақылау және тексеру жұмыстары автоматты жүйе арқылы жүзеге асырылса, енді бұл шара аппаратсыз қадағаланады, қызметкерлер әр техниканы көзбен тексереді. Сондықтан тексеру уақыты ұзарады.

Бір айта кетерлігі мамандар құрылыс мерзімінің нақты межелі уақытын дөп басып айта алмағандықтан өзге өткізу пункіттер қызметін пайдалануды ұсынып отыр. – «Ақсай», «Шаған» және «Тасқала» автомобиль пункттерінің жүк өткізу мүмкідіктері бар. Бұл жөнінде кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізушілерге хабарланды,- деді БҚО МКД бас маманы Алтынай Әлиханқызы.

Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
135 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
349 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»