KCЕНОНДЫ ЖАРЫҚ ҚОЛДАНҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА
Орал қаласында 38 көлік жүргізушісі ксенонды жарықтар пайдаланғандары үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтуде. Шараның алғашқы күні Жол қозғалысы ережесінің бұзылуы бойынша 439 факті анықталды. 11 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін, 53 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 30-ы маневр ережесін бұзғаны үшін, бесеуі – жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін, 63-і қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, тыйым салу бағдаршамынан өткен кеткені үшін – сегіз жүргізуші және көлік рөлінде отырып, телефон қолданған 34 жүргізуші жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ көлікті техникалық тексеруден өткізбеген, жүргізушілік куәлігі жоқ немесе көлік басқару құқынан айырылғандар да анықталды.
Бұдан бөлек патрульді полиция батальоны қоғаммен бірге ксенонды жарықшамдарын заңсыз орнатып алған жүргізушілермен жұмыстануда. Қарсы келе жатқан көлік жүргізушісіне шағылысып, басқа жол қозғалысы иелеріне қолайсыздық тудыратын ксенонды жарық иелері әкімшілік жауапқа тартылады. Жедел алдын алу шарасының алғашқы күні 38 жүргізуші ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 590-бабы, 7-тармағында көрсетілген рұқсатсыз жабдықталған көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуда. Аталмыш бап бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу