КАРАНТИНДІК РЕЖИМ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ӨЗГЕРДІ
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков төтенше жағдай және карантин уақытында азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап облыс аумағында енгізілген бірқатар шектеу шараларымен таныстырды.

Қоғамдық көліктер санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, шектеу режиміне сай таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін жүретін болады. Сондай-ақ жолаушыларды автобустардағы орын санының 40 пайызына ғана алу керек. Ал такси қызметіндегі жеңіл автокөліктер үш адамнан артық жолаушыны мінгізбеуі керек.
– Желіге шығар алдында әр автокөлік техникалық тексерістен өткізіліп, жолдама парақшасы берілуі тиіс және Gps-бағыттаушы құрылғылары орнатылған болуы керек. Жолаушыларға қызмет көрсететін барлық автокөліктердің салоны әр рейстен кейін дезинфекциялық заттармен өңделуі керек. Әрі көлік жүргізушілерінде жеке қорғану құралдары болуы маңызды. Автокөлікте жеткілікті мөлшерде дезинфекциялық заттар болуы керек, – деді А.Шыныбеков.
ҚР-ның «автомобиль көлігі» және «Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидалары туралы» заңына сәйкес таксилер компанияларға тіркелуі керек. Қаламызда такси қызметін ұйымдастырып отырған төрт компания ғана бар. Қала әкімшілігі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында тіркелген такси компанияларының қызметін пайдалануды ұсынады.

ОРАЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША РЕСМИ ТІРКЕЛГЕН ТАКСИ ПАРКТЕРІ
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу