« Көзі жұмылғанмен, жүрегі сөнбейді!..»
Бүгін елдің бәрі Дулат ағамның суретін телефонға салып, күрсініп отыр екен! Көңілім сенбей, Алматыдағы көмекшісіне хабарластым. «Иә, рас! Ағадан айырылып қалдық! Ертең жерлейді!» деді рухтас қарындасы Ақмоншақ.
Енді, міне, дуалы ауызды Дулат ағам да жоқ! «Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын. Бара жатыр сарқылып дариялар… деген Мұқағалидың өлеңі оқтын-оқтын ойға оралады. Амал не?! Сондықтан Алатаудай биік әрі мейірімді, қайраткер қаламгердің қайғысына ортақтасып, Исабековтер әулетіне және қызы Шолпанға, ағаны пір тұтқан жандарға қайғырып көңіл айтамын! 🙏😢
«Дуалы ауызды» Дулат ағаның Әбдіжәміл Нүрпейісовпен бірге алғашқы повесіме ақ батасын бергені, 2018 жылы 24 сәуірде Оралға кешіме арнайы келгені, Х. Бөкеева театрында ағынан жарылып сөз сөйлегені, бәрі-бәрі дүйім халықтың жадында! Осыдан 8 жыл бұрынғы тарихи сәт – Дулат Исабековтің Ақ Жайыққа ат басын бұрған ең соңғы сапары екен! Зулаған уақыт –ай!
📚 Әлем әдебиетіне әдемі жол салған, туындылары шет тіліне аударылып, пьесалары талай елде қойылған Дулат Исабековтің «Шойынқұлақ», «Қара шаңырақ», «Шалдар», «Кемпірлер», «Қабылан», «Талахан-186», «Социализм зәулімі» тб. Сондай -ақ бір ғана «Ескерткіш» әңгімесі неге тұрады? «Тірі Әштеннің» қатып семген ескерткішке айналып, шетелдік қонақтарды алдаған сәті – талай оқырманның есінде шығар?! Ұлт әдебиетіне әр шығармасымен құламайтын «ескерткіш» орнатқан Дулат Исабековтің көзі бүгін жұмылғанмен, оянбайтын ұйқыға кеткенмен, оты өшпейді! Жүрегі сөнбейді! Рухы мәңгі жасайды!💥
Ажалға дауа жоқ! Тірлікте бір-бірімізге тағар «жала» көп!
Бақұл болыңыз, Дулат аға! 🙏🙏🙏 Қазақтың қайталанбас классигі!😢😢😢
Мира Шүйіншәлиева
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру


