КӨЗ, ТІС АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Бүгін Орал қаласында «Юнисерф» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сәтбаев жеке қаражаты есебінен «Uniserv medical center» көпбағытты медициналық орталығы пайдалануға берілді. Жоба құны 1 888 144 млн. теңгені құрайтын зәулім үш қабатты ғимараттың құрылысын «Жиенбай» ЖШС жүргізген. Көз және тіс аурулары бойынша кеңестік диагностикалық қызмет көрсететін орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

– Денсаулық сақтау саласында жеке инвесторлардың қанат жаюына мүмкіндік беруіміз қажет. Осы орайда жеке қызмет көрсететін орталықтардың ашылып жатқанына қуаныштымыз. Орталық тұрғындардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді деген сенімдемін. «Uniserv» компаниясы бұған дейін жол құрылысын салуға елеулі үлес қосса, енді медицина саласына инвестиция салуда. Енді өңір тұрғындары емделу үшін шетел аспай-ақ білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады, – деді өңір басшысы Алтай Сейдірұлы. Аталмыш орталық тіс ауруларын рентген құрылғысына түсіріп, емдеу, лазерлік технология арқылы көз ауруларын хирургиялық емдеу жолдарын ұсынады. Орталықтық офтальмологиялық клиникасында 10 бөлме, диагностикалық бөлім, ота жасау мен күндізгі стационар бөлімі қызмет көрсетеді. Сол секілді стомотологиялық клиникасында бес емдеу бөлмесі мен тіс технологиясы лабороториясы, рентген бөлмесі бар. Мұнда еліміздің және ресейден келген білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Орталықтың бас директоры Нұрлан Дәрменқұловтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кей қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Айта кету керек, облыс аумағында тегін медициналық қызмет көрсететін 39 мемлекеттік, 13 жеке медициналық ұйым бар. Өткен жылы 21 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілген. 90 бірлік медициналық құрылғы, 6 санитарлық автокөлік, 2 реанимобиль жаңартылған. Дәрігерлердің саны 1682-ні құраса, олардың 6122-сі орта білімді медицина мамандары.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу