КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
10 қаңтар күні Орал қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімі мен полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабын аяққа таптап, абаттандыру ісінде салғырттық танытып жүрген кәсіпкерлердің жолын кесу үшін арнайы рейдке шықты. Шараның мақсаты – өзіне тиесілі аумақта қар жинамаған кәсіпкерлермен күресу, ескерту жасау, ескертуден қорытынды шығармаса әкімшілік хаттама толтырып айыппұл салу.

Облыс орталығында кәсібін дөңгелетіп бірнеше адамға жұмыс орынын ұсынып отырған кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. Олардың жұмыс жасауына мемлекет мүмкіндік жасағанымен кәсіпкерлердің де жауапкершілігі мол. Бірінші кезекте, бизнес субьектілері қаланың абаттандырылуына үлес қосып, өз аумақтарын қардан тазалауға міндетті. Қарды арнайы полигонға жеткізуі тиіс. Сала мамандары бұған дейін ақ ұлпаны жинамаған бизнес субектілеріне ескерту берілгендігін айтып отыр. Осы күнгі рейд барысында тәуліктің алғашқы жартысында Шолохов көшесі бойындағы 5 ірі нысан иесіне ескерту жасалып, кешке қарай ескертуден қорытынды шығармаған 2 кәсіпкерлік иесіне айыппұл салынды.
Қарды тазаламаған кәсіпкерлермен күрес алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу