8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Ақпан 2021 1203 0
Қоғам

Көшедегі қате-қате жазылатын баннерлерге қатысты ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Парамент Мәжілісінің жалпы отырысында көшедегі баннерлерді қатесіз жазуға қатысты заң жобасы қабылданды.

Заң «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

Заң жобасының негізгі бағыттары: 

1. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу;
2. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің теңтүпнұсқалы аудармасын (аутентичность) сақтап отырып жазу;
3. «Мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы» деген ұғым енгізу.

Көрнекі ақпарат құралдары (баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, баға көрсеткіштері және т.б.) елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды құралдар болып саналады. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасыз жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің теңтүпнұсқалы аудармасын сақтап отырып жазу талабы қоғамда екі тілде (қазақ және орыс тілдеріндегі) берілген мәтіндердің мағыналық, мазмұндық жағынан сәйкес келмеуі фактілерін жоюға бағытталып отыр, – деді Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша, көрнекі ақпаратты ашық кеңістікте және ғимараттар ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен қатар кез келген кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік субъектілері көрнекі ақпаратты өз өнімі мен  қызметін ілгерілету құралы ретінде пайдаланады.

Мемлекеттік органдарға азаматтардан көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шағымдар көптеп түсіп жатыр. Осы орайда мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың болмауын азаматтар ҚР конституциясының 14-бабында бекітілген өз құқықтарына қысым жасау деп санайды, – дейді ол.

Көрнекі ақпаратқа қатысты заң бұзушылықтар бойынша  мемлекеттік органдарға 2018 жылы – 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш келіп түскен. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны  – 3442-ні құраған.

Аталған проблемаларды шешу мақсатында заң жобасы аясында Қазақстан Республикасының 13 заңнамалық актісіне түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Күтілетін нәтиже:

– мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта міндетті түрде қолданылуын қамтамасыз ету;
– деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазуды қамтамасыз ету;
– мәтіндердің екі тілде теңтүпнұсқалылығын сақтап жазуды қамтамасыз ету.

BAQ.KZ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»