8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2020 1280 0
Қалалықтар қаперіне

КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРЫНДА ОРЫН АЛҒАН АПАТТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Оралдағы Шолохов көшесі бойында жер опырылып, өздігінен ағатын кәріз коллекторында апат орын алды. Оқиға кеше, 26 ақпа күні кешкі сағат 22.30-да болған.

 

«Батыс су арнасы » ЖШС директоры Қ.Имашевтің мәліметінше, қазір апаттық-қалпына келтіру бригадасы коллектордың солтүстік жағынан ағынды суларды уақытша қотару үшін мотопомпалар орнатқан. Бұл жердегі құдықтардың арасындағы қашықтық 75 м құрайды. Осыған ұқсас жағдай келесі аралықта да пайда болуда, мұнда құдықтар арасындағы қашықтық 120 м құрайды. Бұл жерде«Батыс су арнасы» ЖШС өз күшімен 2-ші мотопомпаны орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Жалпы проблемалық учаскенің қашықтығы 195 м құрап отыр.

Қазіргі уақытта «Батыс су арнасы» ЖШС тарапынан жұмыстар суды беруді тоқтатусыз Жерасты сутартқысынан жүргізілуде, алайда ағынды суларды  бұру бойынша жүктемені азайту үшін қысымды төмендетті.  Қаланың орталық бөлігі, сонымен бірге қаланың басқа да шағын аудандары қалыпты тәртіпте сумен қамтамасыз етілуде.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде суды беруді тоқтатылған жағдайда жалпы саны 40 000 адамды құрайтын Қадыр Мырза Әли, Астана, Жаңа-Орда шағын аудандары, С.Датов көшесінен  Ғ.Құрманғалиев көшесіне дейінгі бірнеше қабатты тұрғын үй құрылыстары сусыз қалады.

Дегенмен, аталмыш кәсіпорын әлеуметтік-мәдени мақсаттағы бірде-бір нысан сумен қамту мен суды бұрудан айырылмайтынын хабарлады.  Сонымен қатар, Д.Қонаев, 4-ші шағын аудан, Солтүстік-Шығыс, Строитель шағын аудандарынан ағынды суларды бұру үшін 14-КСС, 16-КСС және 5-КСС-тан ағынды суларды бұруды Чагано-Набережная көшесі бойынша орналасқан бас КСС-қа қайта қосу жүзеге асырылды.

Айта кетейік, дәлі осы Шолохов көшесі бойындағы кәріз коллекторында бұған 2018 жылдың сәуірінде апат болған еді. Аталған коллектор 2009 жылы пайдалануға берілген. БҚО құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Орион Строй Сервис» ЖШС мердігерлік компаниясы  шыныпластиктен диаметрі 1000 мм-лік құбыр салған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»