8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2019 2041 0
Қоғам

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде кезекте тұрған 10 оралдық көпбалалы отбасы жаңа қоныстарға қадам басып, баспаналы болды. Шаңырақтың шаттығына келген жанұяларға  Орал  қаласының әкімі  Мұрат Мұқаев облыс әкімі атынан пәтер кілттерін табыс етті.

Елбасының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес республикалық және қалалық бюджет есебінен 70 пәтер алынған. Оның оны бүгін кезектегі көпбалалы отбасыларға берілді. Қала басшысының айтуынша, қалған 60 пәтер осы айдың соңына дейін табысталады. Бұдан бөлек әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнайы үйлер салынуда.

– Елбасының тапсырмасына орай кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында қаламызда 432 пәтер болатын екі үй салынуда. Бұған қоса 500 отбасыға арналған үш үйдің құрылысы басталмақ. Жалпы алғанда әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін 1000-нан астам пәтер берілетін болады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасады, – деді Мұрат Рахметұлы.

Бұл күні  жаңа пәтерге қол жеткізгендердің қатарында «Алтын алқа» иегері, көпбалалы  ана Болған Айтқалиева да бар. Болған апайдың айтуынша, тұрғын үй кезегіне 17 жыл бұрын тұрған екен. Дәл қазір зор қуанышқа кенелген ананың Елбасына айтар алғысы шексіз.

– Мерекеде қуанышымыз еселенуде. Бүгін көптен күткен үш бөлмелі пәтерімізге кіріп, қуанудамыз. Отбасымның атынан ел басқарушы азаматтарға алғысымды білдіремін, – деген көпбалалы ана елімізде қоныстойларының көбейе түсуін тіледі.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
93 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
289 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
277 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»