КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ
Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде кезекте тұрған 10 оралдық көпбалалы отбасы жаңа қоныстарға қадам басып, баспаналы болды. Шаңырақтың шаттығына келген жанұяларға Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев облыс әкімі атынан пәтер кілттерін табыс етті.

Елбасының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес республикалық және қалалық бюджет есебінен 70 пәтер алынған. Оның оны бүгін кезектегі көпбалалы отбасыларға берілді. Қала басшысының айтуынша, қалған 60 пәтер осы айдың соңына дейін табысталады. Бұдан бөлек әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнайы үйлер салынуда.
– Елбасының тапсырмасына орай кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында қаламызда 432 пәтер болатын екі үй салынуда. Бұған қоса 500 отбасыға арналған үш үйдің құрылысы басталмақ. Жалпы алғанда әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін 1000-нан астам пәтер берілетін болады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасады, – деді Мұрат Рахметұлы.

Бұл күні жаңа пәтерге қол жеткізгендердің қатарында «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана Болған Айтқалиева да бар. Болған апайдың айтуынша, тұрғын үй кезегіне 17 жыл бұрын тұрған екен. Дәл қазір зор қуанышқа кенелген ананың Елбасына айтар алғысы шексіз.
– Мерекеде қуанышымыз еселенуде. Бүгін көптен күткен үш бөлмелі пәтерімізге кіріп, қуанудамыз. Отбасымның атынан ел басқарушы азаматтарға алғысымды білдіремін, – деген көпбалалы ана елімізде қоныстойларының көбейе түсуін тіледі.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ



Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу