8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2023 2285 0
Қоғам

Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

Жыл басынан көпбалалы 545,1 мың отбасыға жалпы сомасы 239 млрд теңгеге жәрдемақы төленді, оның ішінде шілде айында 541,4 мың отбасы 33,8 млрд теңге алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, мемлекеттен жәрдемақы табысына қарамастан, кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар, сондай-ақ күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасыларға беріледі.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:

– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

– 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

– 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

– 8 және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
13 800 теңге мөлшерінде
.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.

Дереккөз: inform.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»