КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін оралдық көпбалалы алты анаға “Алтын” және “Күміс” алқа табысталды.
Көпбалалы аналарды наградаларымен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев олардың ел демографиясын көтеруге, ұлттық құндылықтарымыздың жоғалмауына қосып жатқан зор үлестерін атап өтті.
Жиын барысында көпбалалы аналар уақыт бөліп құттықтаған қала әкімінің орынбасарына алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Оралда жыл басынан бері 10 ана «Алтын» және 48 ана «Күміс алқамен» марапатталды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу