8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2019 1492 0
Қалалықтар қаперіне

КӨЛІК САТЫП АЛУҒА БЕРІЛЕТІН СЕРТИФИКАТ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

Ескі көліктің орнына жаңа көлік сатып алуға берілетін жеңілдік сертификатының құны 750 мың теңгеге дейін ұлғайды.

ҚР энергетика Министрлігі ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы  бойынша 2019 жылға арналған квота көлемін бекетті. «ӨКМ Операторы» ЖШС-на көліктерді ақшаға және сертификат беру бағдарламасы бойынша қабылдауға биыл 50 мың квота бөлді. Соның 25 мыңы жеңілдік сертификаты бағдарламасына бөлінсе, қалған 25 мыңы ақшалай өтемақы бағдарламасына қарастырылып отыр. Сонымен қатар жүк көліктеріне берілетін сертификат құны биыл ұлғайтылды. Былтыр оның құны 450-650 мың теңге болса, осы жылдан бастап оның көлемі 550-ден 750 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал жеңіл автокөлік сертификатының құны баяғы 315 теңге  қалпында қалды.

Ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы 20-шы ақпанынан бастап жалғасын табады.

Сертификат құны көлік құралының санатына байланысты

 

Көлік құралының санаты Сертификат саны Сертификат құны, тг 
Жеңіл көлік (M1 – 3,5 тоннаға дейін) 22 200 315 000
Жолаушылар көлігі. (M2, N1, N2 – 5 тоннаға дейін) 1 800 550 000
 Жүк көлігі (  M3, N3 – 5 тоннадан жоғары) 1 000 750 000

 

Бағдарлама талабы бойынша жоюға тапсырылатын көліктер толық жиынтықта қабылданады. Ескі техниканы өткізушіге жеңілдік сертификаты беріледі. Отандық автоөндірушіден көлік сатып алған кезде сертификат сомасы көлік бағасынан шегеріліп қалады. Жеңілдік сертификаттың құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты бағаланады. Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын сертификат арқылы алуға болады. Және де автокөлік сатып алғанда 2 сертификатты біріктіру мүмкіндігі қарастырылған. Жеңілдік сертификаты атаулы және  оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге немесе қолма қол ақшаға ауыстырылмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға жарамды.

Жеңілдік сертификат бағдарламасы бойынша қандай көлік сатып алуға болатындығы туралы мәліметті автоөндірушілердің ресми сайтынан («БИПЭК АВТО» www.bipek.kz, www.aziaavto.kz. www.sap.com.kz, www.hyundai-hta.kz, www.daewoobus.kz, www.kamazkamaz.kz) көруге болады.

Естеріңізге саламыз, жеңілдік сертификаты бағадарламасы Қазақстанда 2017 жылдың 26 маусымында іске қосылған болатын. Осы аралықта қазақстандықтар аталған бағдарлама бойынша 20 939 көлігін сертификатқа алмастырды. Сондай-ақ, сатып алу бағдарламасы бойынша 67 052 жеңіл көлік қабылданды. Ескі көлігін тапсырған қазақстандықтарға 10 млрд. 48 млн. теңге көлемінде қаражат аударылды. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша «ӨКМ Операторы» 88 мыңға жуық ескі көлік қабылдады.

Айта кету керек, ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы отандық автопаркті жаңартып, экологиялық көлік құралдарының өндірісін ынталандыру және қайта өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік береді.

ӨКМ Операторының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
230 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
239 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
379 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
674 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
766 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1012 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1279 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1507 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1544 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1697 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1893 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2116 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2203 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2318 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2319 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»