Көлік астына түскен сәби аман қалды
Оралда «Жұлдыз» шағын ауданындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бүлдіршін аман қалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 12-ші мамыр күні тіркелген. Ал әлеуметтік желіге оқиға орнында болған видео кешелі-бүгін тарап кетті. Белгілі болғандай 4 жасар қыз бала жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болғанда көлік астына түскен. Абырой болғанда ойын баласы аман қалды. Сәби облыстық балалар ауруханасында ем алып 16-шы мамыр күні үйіне жіберілген. Ал көлік иесіне қатысты 620 бап бойынша әкімшілік жаза тағайындалған.
Айнара ИСА
Пікір үстеу