8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Тамыз 2023 48277 0
Өзек

Көлік апатынан қаза болған балалардың саны артқан

Жол-көлік оқиғасында қаза болған балалардың саны 38%-ға өсті. Мұндай деректі Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың қауіпсіздігі әрдайым ішкі істер органдарының бақылауында болады, дегенмен оқу жылының басталуымен оған ерекше назар аударылады. Жыл сайын жұртшылықпен жүргізілетін түсіндірме жұмыстарына қарамастан, біз балаларға қауіп төндіретін ескі проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Бұл – жол-көлік оқиғалары. Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны – 9%, зардап шеккен балалардың саны 15% төмендеген. Бірақ жол-көлік оқиғасында қаза болған балалардың саны 38% өсті», – деп мәлімдеді Ақтоты Боранова.

Спикер келтірген дерекке сай, зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, қалғаны жаяу жүргіншілер.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»