КҮЙЕУІ КЕПІЛГЕ АЛҒАН ӘЙЕЛ БОСАТЫЛДЫ
Оралда ер азамат кепілге алған әйелді босату операциясы аяқталды.

Арнаулы операция аяқталған соң БҚО Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, арнайы құралдарсыз және қарусыз қаскүнемді залалсыздандырғанын айтты.
Белгісіз азаматтың Жәңгір хан көшесі, 13 мекенжайындағы нотариустың кеңсесінде әйел адамды кепілге алғаны туралы ақпар сағат 13.10-да «102» нөміріне түскен. Әрі оның қолында пышақ пен гранатаға ұқсас заттың болғаны хабарланған.
Оқиға орнына жедел түрде Полиция, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жедел медициналық жәрдем қызметі барған. Сол жерде штаб құрылып, ішкі істер министрлігімен тікелей байланыс жүргізілген. Арнаулы операцияға Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Е.Тұрғымбаевтың өзі жетекшілік етті.
– Сағат 13.25-тен бастап нотариус кеңсесі орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар үшін №20 мектептен орын-жай берілді. Үй аумағы толық қоршауға алынды. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін тұрғын үй газ және электр желісінен ажыратылды. Кепілге ұстап отырған азаматтың зардап шегушінің күйеуі екені анықталды. Сағат 15.00 шамасында ол алғашқы талабын айтты. Бірақ, кейін одан бас тартып, 16.00 шамасында екінші талабын жеткізді. Сөйлесу ашық терезе арқылы жүргізілді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тарапынан және облыс әкімдігінен операцияны адамдардың зардап шегуінсіз және ауыр салдарсыз жүргізу міндеті қойылды. Оқиға орнына ол азаматтың ағасы мен әпкесін шақырттық. Ұзаққа созылған туыстарының сөйлесуінен және Прокурордың заң бойынша қандай шара қолданылатыны туралы түсіндірме жүргізуінен соң, ол әйелді босатты, – деді полиция полковнигі Серік Сүйінбаев.
Осылайша, сағат 13.10-да басталған арнаулы операция алты сағаттан аса уақыттан соң, яғни сағат 19.40 шамасында аяқталған. Қоршау алынып, тұрғындар үйлеріне оралды.
Ұсталған азамат Полиция департаментіне жеткізілген. Қазіргі уақытта бұл азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 261-бабымен (адамды кепілге алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кепілде болған әйел сол аяғынан жарақат алған. Ол қазір ауруханада. Болған оқиғадан есеңгіреп қалған әйелмен психологтар жұмыстануда.
Полиция полковнигі С.Сүйінбаев ҚР Қылмыстық-процестік заңнамасының 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес аталған фактіге қатысты кейбір мәліметтер жарияланбайтынын жеткізді. Дегенмен, әйелін кепілге алған бұл 1978 жылғы азаматтың бұған дейін, яғни 2018 жылы жауапқа тартылғаны белгілі болып отыр. Сол кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша екі мәрте қорғау нұсқамасы шығарылған екен. Демек, ер азаматтың әйелін аңдуына, телефон арқылы сөйлесуіне, қарым-қатынас жасауына тыйым салынған.
Айта кету керек, операция барысында қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың арасында ажырасу процесі жүріп жатқаны анықталды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу