8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2019 2118 0
Қоғам

«ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТКЕ ИЕ АДАМДАР ҚАЖЕТ»

   «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені және Қазақстан иновациялық телекомуникация жүйелер универститетінің  құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР  Ұлттық  Инженерлік  Академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, академигі, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңес хатшысы, Қазақстанның 100 жаңа  есім жобасының  жеңімпазы Ақсерік Сарыұлы Әйтімов Орал қаласы №19 орта мектеп оқушыларымен кездесті.

Кездесуді оқушылар басқарып, өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойды.

«Қазақстанның 100 жаңа  есім жобасының  жеңімпазы  қалай атандыңыз?», «Білімді болу үшін не істеуге болады?», «Оқушы кезіңізде белсенді болдыңыз ба?», «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенін қалай құрдыңыз?», «Қандай арманыңыз бар?», «Қазіргі кезде қандай кітаптар оқисыз?» – деген балалардың балғын сұрақтарына А.Әйтімов өмірлік тәжірибесінен мысал келтіріп, айтып берді.

Жиын соңында сөз алған №19 орта мектеп директоры, Қазақстан иновациялық телекомуникация жүйелер универститеті техника ғылымының магистрі Алтын Жұмағалиева:

– Мемлекеттің табысты дамуында адам капиталының маңызы зор. Еліміздің табысты дамуы үшін жоғары білімді, еліне деген сүйіспеншілігі зор, жаңаша ойлай білетін, жаңа заманға лайық ұйымдастырушылық қабілетке ие адамдар қажет, – деп, орта мектептің қоғамдағы орны ерекше екеніне тоқталып, балалардың тұлғалық қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралардың бірі екеніне және уақыт тауып оқушылармен кездесуге келген Қазақстанның тұңғыш «100 жаңа  есім жобасының»  жеңімпазы Ақсерік Сарыұлына алғысын білдірді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»