ЮНИСЕФ: Әлемдегі әрбір үшінші интернет қолданушысы – бала
Қазақстан балаларының 45% интернетке 5-8 жасында, ал 5%-ы одан да ерте – 4 және одан кіші жаста қосылады. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің балалық шақты қорғау бағдарламаларының жетекшісі Айсұлу Бекмұса баяндады.
«ЮНИСЕФ-тің жаһандық есебінде әлемдегі әрбір үшінші интернет қолданушысы бала деп жазылған. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, былтыр Қазақстандағы балалардың онлайн-қауіпсіздігі мен тәжірибесі бойынша зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде Қазақстанда балалар интернетке бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен және ерте жастан қосылатынын анықтадық. Зерттеуге сәйкес, балалардың 45%-ы интернетке 5-8 жасында, ал балалардың 5%-ы одан да ерте – 4 және одан кіші жаста қосылады», – деді спикер.
Айсұлу Бекмұса интернет балалардың дамуына, оларды оқытуға, шығармашылығына, әлеуметтенуіне мүмкіндік беретініне тоқтала келе, тәуекелдерді де ескеру қажет екенін айтты.
Оның айтуынша, балалардың 21%-ы құрдастары мен достарының кибербуллингке ұшырағанын көрген. Бірақ олардың жартысы ғана ересектерге интернетте кибербуллингке тап болғандарын айтқан.
«Біз балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп балалар үшін қауіпсіз пайдаланушылық интернет қалыптастыруға бағытталған «КиберТұмар» ақпараттық білім беру науқанын бастадық. Сонымен қатар, компания ата-аналарға да арналған: егер бала интернетте қандай да бір қауіп-қатерге тап болса, ата-аналарға арналған негізгі іс-қимыл алгоритмдері ұсынылады», – деді ЮНИСЕФ өкілі.
Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру