8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2019 2064 0
Қалалықтар қаперіне

ЭТНОАУЫЛДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРДЫ

         Шаһар күні қарсаңында Оралдағы  тұңғыш Президент алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақжайық этноауылы» ұлттық мәдени кешені ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған этноауылды қала тұрғындары  10 күн бойы қызықтай алады.  

Этнооауылда қала және аудан орталықтарының киіз үйлері тігіліп, әр түрлі алаңдарға бөлінген. Ұлттық нақыштағы шаралар мен ақшаңқай киіз үйлерді көп жағдайда наурыз мерекесі қарсаңында көретін жұртшылықтың бұл жолғы таңданысында шек  болмады.  Қазақы дәстүрімізден сыр шертетін ұлттық бұйымдардан бөлек, талайды таңқалдырған Тақсай ханшайымының  да бейнесі осы этноауылдан табылды.

– Бүгіннен бастап 15 қыркүйекке дейін Тұңғыш Президент алаңында «Ақжайық» этноауылы бой көтеріп отыр. Бұл жерде түрлі концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар және өзге де шаралар жоспарланған. Жағалай киіз үйлер құрылып, алтыбақан орнатылды. Мақсатымыз – ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау. Музейіміз өздерінің композицияларын көрсетеді, – деді этноауылдың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.   Одан әрі Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Әсіресе, мұнда   «Өрнекті өнер» ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары жәрмеңкесін, сәндік қолданбалы өнер шеберханасын тамашалаушылар көп.  Енді бір шетте  «Алтын сақа» ұлттық ойындар сайысына қатысып, мәре-сәре болған балалар.  Ал «Жәдігер» жылжымалы мұражай композициясы алыстан «мен мұндалап», көпшілікті еріксіз өзіне баурап алуда. Сондай-ақ көшпелі кітапхана да осы ауылда.  Алдағы күндері Ақжайық өңірі ақындарының оқулары, көрермендер арасында «Абай оқулары» өтеді деп күтілуде.       Бүгінгі шараны тамашалау үшін немерелеріммен арнайы келіп отырмын. Осы алаңда өткізілетін мәдени шараларды үнемі келіп көремін. Мұндай шаралар қала халқы мен ауыл-аймақтағы тұрғындарды жақындастырады. Қаланың балалары осындай іс-шаралар арқылы ауылдың тұрмыс-тіршілігін, жай-күйін көріп, танысады, – дейді Жұлдыз шағынауданының тұрғыны Күләш Биғазиева. Бүгін ұлттық мәдени кешеннің ашылуында Бөрлі және Бөкейордасы ауданының қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынды. 


 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
58 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»