ӘЙЕЛІН КЕПІЛДІККЕ АЛҒАН ЕР АДАМНЫҢ ІСІ СОТТА ҚАРАЛУДА
Өткен, 2019 жылдың 28-ші қарашасында әйелін кепілдікке алған Ерлан Ислямғалиевтің ісі бойынша бүгін алғашқы сот тыңдалымы жабық режимде өтті. Ерлан Исламғалиевтің ісі БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

Ерлан Ислямғалиевтің әрекеттері бес бап бойынша қаралуда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 110-бабы 2-ші бөлігі – қинау. Адам өміріне күш қолдану арқылы денсаулығына зиян келтіру, 194-баптың 4-бөлігі. Қорқытып алу, қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкіне қол салу. Сондай-ақ 261-бап 2-бөлігі адамды кепілге алу және 120-баптың 2-бөлігі – зорлау, жәбірленушіге күш қолдану арқылы жыныстық қатынасқа бару. Сонымен қатар 115-бап – қорқыту, денсаулыққа ауыр зиян келтiру әрекететтеріне бару. Бұл баптар бойынша айыпты шамамен 10 жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Яғни күдіктінің қылымысы толықтай дәлелденген уақытта осындай мерзімге түрмеге қамалады.
Естеріңізге сала кетеміз, Ерлан Ислямғалиевтің ісі 2020 жылғы 1-ші шілдеге дейін тергелген болатын. Жәбірленуші Ираида Ислямғалиева бұрынғы жолдасы Ерланның әлі де қорқытып жүргенін айтады.
– Екі жыл жарым некеде, 6 сағат кепілдікте отырдым. Енді ол жазасын алуы тиіс. Ерлан мені осы кезге дейін қорқытып келеді. Үнемі байланысқа шығады. Мен оның ісі сотта дәлелденіп жазасын алады деген сенімдемін. Ол хабарласқан сайын бостандыққа шығатынын сеніммен айтады,– дейді Ираида.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу