8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2022 2757 0
Қалалықтар қаперіне

Электр желілері жаңғыртылады

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электр желілерінде апаттардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін арнайы техника алу мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау желілеріндегі авариялық жағдайларды уақтылы жою үшін «Батыс су арнасы» ЖШС және «Жайықжылуқуат» АҚ-на техника сатып алу мәселесі қаралуда. Бұл шаралар электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі авариялық ажыратуларды жою бойынша уақытты қысқартуға мүмкіндік береді,- дейді сала өкілдері. «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қуат Мусиннің сөзінше,қажетті қаражат бөлінген. – Электр желілік компаниясында бүгінгі күнде 152 қосалқы станция, 3 142 трансформатор бекеттері бар. 2022-2023 жылға дайындық жұмыстарына 707, 24 млн теңге қаражат бөлінді. Жоспарды орындау барысында қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 347 трансформаторлық бекеттерді жөндеу жоспарланып, оның 297-сі жөнделді. Ал қалғанын жөндеу ай соңына дейін аяқталмақ,- деді Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қуат Мусин.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»