8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2019 1974 0
Қоғам

ӘЙЕЛ СҰЛУ ҚАШАНДА ӘДЕБІМЕН…

Бүгін Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында осындай тақырыппен жиын өтті.

Расында да қоғамның бет алысы әйел затының тәрбиесі мен әдебіне байланысты. Бұл жаратылыс – нәзік әрі сұлу, ішкі дүниесі күшті, қылықты, сезімтал, айналасын ақылымен және айласымен гүлдендіріп отыратын күшке ие. Осынау әйел қызметкерлердің нысанды форма немесе азаматтық киім кию үлгісі, жүріс тұрысы, сөйлеу әдебі мен әріптестеріне қарым-қатынасы қандай? Осы сауалдарға әйелдер кеңесінің мүшелері жауап іздеді. Жиынға басқарманың погонды әйел қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері қатысты.

Әйелдер кеңесінің мұрындық болуымен бұған дейін өткізілген жиындардың күн тәртібінде мектеп жасына жетпеген бүлдіршіндерді балабақшаларға орналастыру, жұмыс регламенті, жұмыстан кешікпеу туралы мәселелер қаралатын еді. Бұл жолғы кеңесте әйел қызметкерлердің қызметтегі тәртібі, әріптестерімен және азаматтармен сыпайы сөйлесуі, ілтипатты қарым-қатынас жасау ережелері, т.б. қаралды. Кеңесте алғаш сөз алған Орал қ.ПБ ақпараттық-аналитикалық бөлімінің бастығы полиция подполковнигі әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнар Қаташева 2018 жыл ішінде атқарылған жұмысты қорытындылап, Қазақстан Республикасының айтулы мерекелерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуіне ат салысқан қызметкерлерге алғысын айтты. Бұдан әрі ардагерлер кеңесінің төрайымы Клавдия Қуанышқалиева күйзелістен шығу жолдары, нысанды форманы талаптарға сай кию, шаш үлгісі, өзара сөйлеу әдебі туралы айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, әйелдерге жарасатын қымсыну, тартыну, имену, қыз ибасы мен әдебі жөнінде баяндап, барлық рухани жақсылықтардың қыз бала бойынан табылатынын айтты. Ішкі істер органында аттай 21 жыл қызмет атқарған уақыттардағы көрген-білгендерін, өмірлік ұстанымдарын айтып, әркез сабырлы болуға шақырды. Адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп ойын қорытындылады.

Орал қалалық ПБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Көшкінова қазір сәнге айналғандай құлаққа салпыншақ сырға тағу, дәлізде ақырып-жекіріп сөйлеу, бейтаныс, сырттан келген азаматтардың алдында дауыс көтеру сынды өрескел мінездердің болмауын  сөздеріне тиек етсе, Орал қ.ПБ мектеп инспекторы полиция майоры Ақжарқын Жандауова қызметінің көп уақыты мектепте, оқушылар ортасында, оқушының ата-аналарының қасында өтетіндіктен, сырт көздің сыншы болып, киім киісіміз бен мінез-құлқымыздың үнемі назарда болатынын жеткізді. «Орта, қоғам баршамызды тәрбиелейді. Көшеде, мектепте нысанды формамен жүргесін барлығы қарайды. Шашымның ұқыпты жиналуын, киімімнің үтіктелген таза болуын қарап отырамын. Әйел қызметкерлердің өзі де сөзі де сұлу болғаны жөн. Ол ылғи да ақылына жүгінеді. Ең бастысы уақытпен санаспайтын тынымсыз қызметімізде сабыр мен шыдамдылық жанымызға серік болсын»,-деді.

Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Самал Серікқали, штаб бастығы полиция капитаны Альфия Рахметова, кеңсенің жетекші маманы Ләззат Дүзембетова, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Динара Абдулкалыкова, тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Анастасия Серікқалиева қызметегі тұрақты мінез-құлық пен ұстамдылық, қысқа юбка кимеу, ашық-шашық киінбеу,  келісті киім кию үлгісі әйел қызметкерлердің мәртебесі деп өзіндік ойларын ортаға салды, түйіндеді.

Әйелдер кеңесі жиынының  соңында төрайым полиция подполковнигі Гүлнәр Қаташева мен ардагерлер кеңесінің төрайымы милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева жасы үлкен қызметкерлер мен шені бір саты жоғары қызметкерлерге сыйластық көрсетіп жол беруге, дәлізде немесе көшеде өткізіп жіберуді талап етіп, сыйластыққа және түсіністікке шақырды. Әдеп ережелерінің нормаларын бұзғандар тәртіптік жазаға тартылатын болды. Қызметтегі әдеп пен тәртіп өте маңызды дүние.

 

                                                                             Гүламан Исмагулова,  Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
28 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
122 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
344 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
831 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1209 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1121 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1568 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2183 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2350 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2356 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2408 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2410 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2038 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2891 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2945 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2940 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3551 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3522 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3510 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3487 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3648 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»