8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Наурыз 2024 2970 0
Табиғат

Экологиялық акциялар өтті

23 наурыз –Тазару күні. Бұл күні Батыс Қазақстан облысында сенбіліктер өтті.


Орал қаласында өткен сенбілікке
қала тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер,  студенттер, жастар және экология белсенділері қатысты. Жиналғандардың жалпы саны 350-ден асты. Олар Шаған өзенінің жанын қураған ағаштардан тазартып, жол жиегіндегі қоқыстарды, ағаш сынықтарын жинады.

Экологиялық шараға Батыс Қазақстан облысының Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы сенбілікке қатысушыларға алғысын білдіріп, қала әкімдігімен жауапты мекемелерге қаланы тазарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурызнама онкүндігіне орай өңірімізде көптеген іс-шара өтті. Бүгін – Тазару күні. Соған байланысты сенбілікке шыққан жандарға алғысым шексіз. Шаған өзенінің екі жағында қураған, құлаған ағаштар көп. Тазарту жұмыстары ақпан айында басталып, құлауға жақын тұрған ағаштар кесілді. Қураған ағаштардан біз уақытылы құтылуымыз керек. Жалпы алғанда тиісті мекемелер шаһарымызды тазарту жұмыстарын күшейту қажет» – деді Нариман Төреғалиев.  

Өз кезегінде сенбілік қатысушылары осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, шаһардың жайнай түсетінін айтуда.

«Облысымызда Наурызнама жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беруіміз қажет. Оларды тазалыққа үйрету керек. Сол бағытта ұйымдастырылған осы сенбіліктің пайдасы көп», – деді Орал қаласының тұрғыны Айгүл Мұратбекова.

Сондай-ақ, Тазару күні БҚО-ның барлық аудандары сенбілікке шығып, көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді қатысты.

​​​​​​​БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
138 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
126 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
352 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»