8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2018 1599 0
Қоғам

ЭДУАРДО АРАРАЛ: «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛУ – ҮЛКЕН СЕНІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ»

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау аясында мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру міндеттерін белсенді жүзеге асыруда.

Бүгін Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Эдуардо Араралмен кездесті.

Эдуардо Арарал – Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің профессоры. Индинезия Университетінің (АҚШ) Элинор Остромның (Экономика саласындағы 2009 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты) жетекшілігімен мемлекеттік саясат саласында PhD дәрежесін алған. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының экономикалық даму жөніндегі және Вьетнам үкіметінің мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері бойынша кеңесшілері қызметтерін атқарған. Эдуардо Арарал Агенттік төрағасының халықаралық консультанты.

Күн тәртібінде қазіргі заманғы әлемдік тәжірибе және үрдістерге негізделген Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласындағы инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

Алик Шпекбаев қонаққа мемлекеттік қызметке үміткерлерге екі кезеңдік конкурстық іріктеуден өтуге, «А» корпусының резервін жоюға, сондай-ақ, жаңа құрылым басшыларына арналған оқу бағдарламаларын енгізуге жоспарлау туралы жоспарларымен бөлісті.

Сарапшы мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқарудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

«Сингапурда 2 жоғары білімнің болуы құпталады. Егер бірінші кәсіби білім болса, екіншісі мемлекеттік басқару саласында. Ал Қытайды мысалға алсақ, онда мэрдің лауазымына тағайындау үшін PhD дәрежесі ескеріледі» – деді сарапшы.

Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Фатима Жақыпова осы мәселеде стратегиялық HR-тәсілдерді әзірлеудің өзектілігін атап өтті.

Эдуард Арарал Сингапурде мемлекеттік қызметке келу – бұл үлкен сенімділіктің белгісі екенін атап өтті.

«Сыртқы жүйеден кіру мүмкін емес. Егер сізде кейбір салада тәжірибе қажет болса, онда сыртқы сарапшылар келісімшарт негізінде шақырылады. Сингапурда мемлекеттік қызметкер өзінің мансаптық өсуі туралы өзінің болашағы туралы біледі және оның біліктілігін үздіксіз жетілдіреді », – деді ол.

Сонымен қатар, тараптар тәжірибесі тікелей Қазақстанға пайдасы тиетін елдердің өкілдерін – мемлекеттік қызметке шетелдік сарапшыларды, сондай-ақ, батыстық білімі бар қазақстандықтарды тартуға қатысты мәселелерді талқылады.

Эдуардо Арарал «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің басым бөлігі жеке секторға тартылғандығын да атап өтті.

Өз кезегінде, Алик Шпекбаев еліміздің ЭЫДҰ елдерінің жолымен жүретінін және мемлекеттік қызметкерлерді бәсекеге қабілетті жалақымен қамтамасыз ету ең кәсіби кадрларды тарту үшін жақсы негіз болатындығына назар аудартты.

Осы тұрғыда сарапшы сингапурлық жүйені мысалға келтіре отырып, жыл сайынғы бонустарды төлеу кезінде тиімділікті бағалау процесіне көп көңіл бөліп кетпей, қызметкерлердің нақты жұмысына назар аударуды ұсынды.

«Бұл қалай жұмыс істеуі керек? Мысалы, Туризм министрі бір жыл ішінде елге тартылатын туристтердің санымен бағалануы тиіс», – деді шетелдік қонақ.

Эдуардо Арарал квазимемлекеттік сектордан мамандарды мемлекеттік қызметке «көлденең ұтқырлық» қағидаты бойынша кәсіптік және мамандарды даярлау институтын дамытуды ұсынды.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың жүйесінде ұйымдастырушылық мәдениетті дамыту мәселелері қаралды.

Осындай кездесулерді ашық талқылау түрінде өткізу Сингапур мен Қытай секілді елдердің тәжірибесін зерттеуге ғана емес, сондай-ақ біздің жүйедегі өзгерістер туралы халықаралық сарапшылар қауымдастығын ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен оны одан әрі интернационалдандыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
345 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
354 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
486 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
782 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
880 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1118 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1384 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1613 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1648 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1801 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1996 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2221 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2307 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»